433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ломбардтар онлайн жүйеде қалай жұмыс істеп жатыр және нені білген жөн

  • 485
  • UPD: 15:46, 07.04.2020

Төтенше жағдай кезінде ломбардқа мүлкін кепілге қойып, қарыз алушылар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ломбардтар онлайн жүйеде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан мамандар кейін сан соғып қалмауы үшін азаматтарға келісімшартты мұқият қарауды ескертіп жатыр. 

Асқар Байдаров өткен айда көлігін ломбардқа қойып, қарызға ақша алыпты. Алдын ала келісім бойынша егер ол қарызының жартысын өтеген жағдайда темір тұлпарын қайтаруы керек еді. Бірақ ол келісім ауызша жасалғандықтан, ломбард қызметкерлері оның көлігін бермей отыр. Себебі қарызын толық өтелуі керек. 

Асқар Байдаров, қала тұрғыны:

– Келісімшартты қайта қарастыру жөнінде ұсыныс білдірдім. Әрине, қарыздың жартысын қайтарғаныммен олар меншік иесі болып қала береді. Қазіргі қысылтаяң сәтте маған көлік керек.

Ал Қазақстан ломбардтар қауымдастығының өкілдері төтенше жағдай кезінде келісімшарт жасауға ешқандай шектеудің жоқтығын айтты. Сондықтан қолда бар құжаттың талаптарын өзгертіп, қайта қарастыруға болады. Бірақ өзара мәміле керек.

Роберт Абзалилов, Қазақстан ломбардтар лигасының төрағасы:

– Келісімшарт ауызша емес, қағаз жүзінде жасалуы шарт. Бірақ ол үшін тараптардың келісімі керек. Ондай келісім болмаса қолдағы құжатты өзгертуге болмайды.

Жалпы төтенше жағдай кезінде ломбардтардың ашық жұмыс істеуіне ешқандай рұқсат жоқ. Дегенмен мүлікті немесе бағалы затты кепілге алу, ақшалай қарыз беруді онлайн жүйесінде жасауға болады. Ал қарызын уақытылы төлей алмай жүргендер өтеу мерзімін ұзарта алады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Анастасия Вылегжанина, Сержан Жумабаев

Хабар 24 телеарнасы