429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 2 адамның коронавирусты қалай жұқтырғаны белгілі болды

  • 256
  • UPD: 16:34, 07.04.2020
Қостанай облысында 2 адамның коронавирусты қалай жұқтырғаны белгілі болды

Бүгін Қостанай облысында тіркелген 1990 және 2000 жылғы екі адамның Тобыл қаласының карантиндік госпиталінде жатқан Қостанай қаласының тұрғындары екені анықталды.

Ерлі-зайыптылар осыған дейін вирусты жұқтырып, Қостанай облысында бірінші болып тіркелген азаматшамен қарым-қатынаста болған. Олар Алматы қаласына Шарм-эль-Шейх (Мысыр) рейсімен бірге ұшып келген. Содан бері карантинде болған.

Еске саламыз, облыстағы алғашқы науқас Алматы қаласынан келгеніне 13 күн болғанда тіркелді. Тиісінше, екі жаңа жағдай да осы науқаспен қатынаста болғаннан кейін 13-ші күні анықталып отыр.

Казіргі таңда науқастар карантиндік госпитальден облыстық аурухананың инфекциялық бөліміне ауыстырылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Ақпарат көзі: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Хабар 24 телеарнасы