418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WhatsApp хабарламалар таратуға шектеу енгізді

  • 260
  • UPD: 17:04, 07.04.2020
WhatsApp хабарламалар таратуға шектеу енгізді

Facebook компаниясына тиесілі WhatsApp мессенджері әлемде коронавирустың таралуына байланысты түрлі хабарламалар тарату мүмкіндігін шектеді.

«Біз хабарламалар таратуға шектеу енгізу туралы шешім қабылдадық. Енді хабарламаны тек бір ғана чатқа қайта жіберуге болады», - деді компания.

Айтуларынша, қолданушылар WhatsApp-ты вируспен күресіп жатқан медициналық мамандарға қолдау көрсететін акциялар үшін қолданады. Бұл өз кезегінде таратылған хабарламалар санының өсуіне әкеледі. Сонымен қатар ол жалған ақпараттың таралып кетуіне де ықпал етуі мүмкін.

«Біз мұндай хабарламаларды азайту керек деп санаймыз, осылайша WhatsApp жеке байланыс орнату сервисі болып қала бермек», - делінген құжатта.

Хабар 24 телеарнасы