429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коммуналдық қызмет өкілдері: Кей адамдар қоқысты жәшікке емес, аяқ астымызға лақтырып кетеді

  • 350
  • UPD: 17:01, 07.04.2020
Коммуналдық қызмет өкілдері: Кей адамдар қоқысты жәшікке емес, аяқ астымызға лақтырып кетеді astana.gov.kz

Жыл сайын көктем келісімен коммуналдық қызметкерлер тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Қызметкерлер қала көшелері мен жолдарын, тұрғын үй орамдарын тазалайды. Жұмысқа 1 мыңнан астам қызметкерлер тартылады. Карантин аяқталғаннан кейін жалпықалалық сенбіліктер басталады. Қаланың барлық аудандарында көшелерді, көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін және т.б. тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Коммуналдық қызметкерлер кеуіп қалған бұтақтарды кесу жұмыстарына, гүлзарлар мен шағын сәулет нысандарын, балалар алаңдарын абаттандыруға ерекше көңіл бөледі. Коммуналдық қызметтерге қоқыс тастайтындармен де күресуге тура келеді. Белгіленбеген орынға қоқыс тастағаны үшін тәртіпбұзушылар жауапкершілікке тартылады.

«Біз қаланы өзгертіп жатқанымызды көре қуанамыз. Елордамыз жыл сайын көркейіп келеді. Әрбір отырғызылған ағаш есімізде. Адамдар үйлерінен шыққан кезде қаланың таза тұруы үшін таңертеңнен бастап жұмыстанамыз. Өкінішке қарай, біздің еңбегімізді бағаламайтын адамдар да бар. Адамдар бізді көре тұра, қоқысты қоқыс жәшікке тастамай, біздің аяқ астымызға лақтырып кеткен жағдайлар да болды. Бұл өте өкінішті. Қуантатыны мұндай адамдар аз. Біздің еңбегімізді бағалап, құрметтегенін қалаймыз», – дейді коммуналдық қызмет өкілдері.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес карантин кезінде жұмыс атқарып жатқан коммуналдық қызметкерлерге сыйақы беріледі. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап қызметкерлердің жалақысы өсті.

Хабар 24 телеарнасы