411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Біз біргеміз»: Алакөл ауданында 13 млн теңгенің азық-түлігі таратылды

  • 126
  • UPD: 19:51, 07.04.2020

Алматы облысының Алакөл ауданында «Біз біргеміз» республикалық жобасы аясында 13 млн теңгенің азық-түлігі таратылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік маңызы бар тағам тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларына берілді. Қысылтаяң шақта ұйымдастырылған қайырымдылық шараға жергілікті меценаттар демеушілік еткен.

Жаңыл Қарабаева – 5 баланың анасы. Отағасы қайтыс болғаннан бері көзге көрінген кішкентайларын өзі өсіріп келеді. Асыраушысынан айырылған көп балалы отбасына «Біз біргеміз» жобасы аясында азық-түлік қоры табыс етілді.

Жаңыл Қарабаева, аудан тұрғыны:

- 2016 жылы менің жолдасым қайтыс болды. Содан бері үйде бала тәрбиесімен отырмын. Бұл азық-түлік бір айдан астам уақытқа жетеді. Осындай қиын-қыстау заманда көмектесіп жатқан азаматтарға алғыс айтамын.

Қайырымды жандардың қаражатына алынған азық-түлік 429 отбасыға есептелген. Әрбір жанұяға бір қап ұн, 10 келі күріш, ет, май, бал берілді. Бұндай әлеуметтік қолдау ауданда тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Марат Сүлейменов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Төтенше жағдай жарияланғалы бері мыңға жуық отбасыға көмек көрсетіліп жатыр. Ол отын су көмір мәселесі. Азық түлік себеттері. Медициналық бетперделер. Басқа да қызмет көрсету саласы бойынша қызмет көрсетіліп отыр. +60 млн теңгенің продукциясы қайырымдылық көмек ретінде берілді.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта тағы 500 жанұяға жәрдемдесуді жоспарлап отыр. Осылайша кезең-кезеңмен аудандағы 2 мыңнан аса тұрмысы төмен отбасының барлығына әлеуметтік қолдау көрсетпек.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы