423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

42500 теңге зейнетақы қорынан алына ма? Министрліктің жауабы

  • 551
  • UPD: 19:41, 07.04.2020
42500 теңге зейнетақы қорынан алына ма? Министрліктің жауабы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгенің зейнетақы қорынан аударылатыны туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді.

Ал осы аудио WhatsApp-та тарап жатыр: «Қайырлы кеш. 42 500 теңге туралы айтайын деп едім. Әлі толтырмағандар, естеріңізде болсын, 42 500 теңгені сіздің зейнетақы қорыңыздан алады. Яғни өзіміз салған ақшаны қайтадан карточкамызға салып береді. Бүгін әкем ақшаларын БЖЗҚ-дан номад Лайфқа ауыстырып қойды. Енді номад Лайфтан 42 500 теңге алынғаны туралы ақпарат келіп тұр, өкінішке орай, ол ақша әлі карточкаға да түскен жоқ. Осы естеріңізде болсын» делінген мессенджерде тараған ақпаратта. 

Министрлік бұл хабарламаның фейк екенін айтты: «Мессенджерлерде тарап кеткен 42 500 теңге әлеуметтік төлемнің зейнетақы қорынан алынатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтарды фейк ақпараттарға сенбей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз» деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Хабар 24 телеарнасы