426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көп балалы және толық емес отбасыларға баспана алу үшін 2%-пен несие берілмек

  • 323
  • UPD: 20:15, 07.04.2020
Көп балалы және толық емес отбасыларға баспана алу үшін 2%-пен несие берілмек

Көп балалы және толық емес отбасыларға баспана алу үшін 2%-пен несие беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ» жүйесі арқылы 49 млрд теңге жұмсалады. Бүгінгі Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев осыны айтты. Нәтижесінде 5 мың адам жаңа пәтер алады. Сондай-ақ 12600 отбасы арендалық үйге кіреді. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасымен 15 млн шаршы метр немесе 150 мың пәтер игілікке берілуі тиіс. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін бұл тұрғын үйлерді салуға 90 млрд теңге бөлінген. Үкімет басшысы Асқар Мамин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен облыс әкімдеріне жоспарланған баспананы уақытында беріп, бюджет қаржысын толық игеруді тапсырды. Себебі, бірқатар өңірде құрылыс жұмыстары мерзімінде басталмаған. Ал, үй салынатын аумақтарға инженерлік инфрақұрылым жеткізуді тек 7 аймақ іске асыра бастапты.

Айта кетейік, құрылыстағы импорттық материалдарды алмастыру үшін арнайы 33 жоба дайындалған.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Бүгінде құрылыс саласында шамамен 700 мың адам жұмыс істейді. Осы жылы шамамен 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Мемлекеттік бағдарламаның маңызды бөлігі ол әлеуметтік бағыты. Биыл халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, аз қамтылғандар, жастар және бюджеттік ұйымдар қызметкерлері санатынан 32 мыңнан астам отбасыны жалға берілетін әрі кредиттік пәтермен қамтамасыз ету жоспарланған. Осы ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдіктермен бірлесе осы санаттағы адамдарға тұрғын үй құрылысын толық көлемде қамтамасыз етуді тапсырамын.

Хабар 24 телеарнасы