429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар саны 55-ке жетті

  • 364
  • UPD: 20:37, 07.04.2020
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар саны 55-ке жетті

Қарағанды облысында бүгін 7 адамнан COVID-19 вирусы анықталғанын жаңа айттық.

Олар осыған дейін карантинде бақылауда болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жетеуі де 1 сәуір күні қауіпті індеттен көз жұмған ер адаммен қарым-қатынаста болыпты. Енді осы науқастармен жақын араласқан адамдар анықталып жатыр. Қазір облыста үй бақылауында отырғандар саны 1440, ал стационардағылар саны 908-ге жетті. Төрт науқастың жағдайы ауыр, қалғандарынікі орташа.

Хабар 24 телеарнасы