411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде көлік қозғалысы төрт есеге азайған

  • 185
  • UPD: 20:45, 07.04.2020
Семейде көлік қозғалысы төрт есеге азайған

Өткен тәулікте Семей қаласының шығаберістеріне қойылған 8 блок-бекетте тәртіп бұзу оқиғасы тіркелген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлік ағыны 4 есеге төмендепті. Мұнда тек азық-түлік және тазалық заттарын тасымалдаушылар өтіп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы хабарлады. Ал шаһар ішінде 326 көлік жүргізушісіне ескерту жасалып, 46-сының рұқсат қағазынан кемшілік табылды. Қазір Өскемен және Семей қалаларында арнайы рұқсат арқылы жұп нөмірлі көліктер тек жұп күндері, ал тақ нөмір таққандары тек тақ күндері жүре алады. Ал кешкі 21:00-ден таңғы 05:00-ке дейін қозғалысқа мүлдем тыйым салынған. Жалпы қалада төтенше жағдай режимін сақтамаудың 15 дерегі анықталған. Осылардың үшеуі 5 тәулікке қамалып, төртеуіне айыппұл салынған.

Шалқар Қанағатов, қалалық ПБ басшысының орынбасары:

- Бұрынғыға қарағанда кісілер азайды. Бұл халықтың түсінушілігі, ол өздерінің денсаулығы. Оны көбі ойлап, үйлерінен шықпай, үйлерінде отыр. Сондықтан біраз азайды қазір. Бұрын қала бойынша күніне 1-2 мың автокөлік өтетін болса, бүгінгі таңда 500 өтеді, ол түгелі жұмысқа базарға келіп, тамақ алып кетеді. Және шаруа қожалықтарына бара жатқан кісілер. Қолдарында пропускілері бар. Соны көрсетіп, өздерінің анықтамаларын көрсетіп, сол жерде жұмыс істейтіні жөнінде құжаттарын көрсеткеннен кейін өткіземіз. Оларға кедергі жоқ, өйткені халықтың ертеңгі күнін де ойлау керек. Шаруа қожалықтарына шектеу жоқ.

Хабар 24 телеарнасы