Бұдан былай тәртіп сақшылары қорғанышы берік, арнайы тігілген костюмдермен жүреді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Себебі, алғы шепте жүрген дәрігерлермен қатар полицейлердің де қауіпті індетпен бетпе-бет келуі әбден мүмкін. Мәселен, қаладағы қозғалысты бақылау немесе блок-бекеттердегі тексеріс кезінде дертке шалдыққан науқаспен тікелей қатынас жасауы ықтимал. «Сондықтан мұндай сәтте арнайы киімдердің болуы маңызды», - дейді Ішкі істер министрі. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, бір күнде 25 мың жасақ күзетке түседі. Олар біртіндеп жабдықталып жатыр. Қазір барлық қызметкерлер антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Тіпті мекеменің кіреберісіне «зарарсыздандыру дәлізі» орнатылды. Сондай-ақ қызметкерлер үшін 1 миллионға жуық бетперде тігілген.