411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да тасқын қаупі сейілмей тұр

  • 131
  • UPD: 21:44, 07.04.2020
ШҚО-да тасқын қаупі сейілмей тұр

Шығыс Қазақстанда қар босаңсып, қара жер көріне бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, Күршім, Алтай, Глубокое аудандарында қыстың сызы кете қойған жоқ. Күршімдегі Марқакөл қорығындағы қардың қалыңдығы әлі де белден келеді. «Сондықтан тасқын қаупі сейілмей тұр», - дейді құтқарушылар. Қазір шалғай өңірлерде еріген қар суының бағытын өзгерту жұмыстары атқарылып жатыр. Автокөлік және теміржол бойындағы су өткізу құрылғылары толық тазартылды. Күн жылығалы өзендерде сең қозғала бастады. Үйлерді су басу қауіпі күшейгендіктен, мамандар мұздың көбесін сөгу жұмыстарына кірісті. Осының арқасында судың ағысы қалыпқа түсіп, елді мекендерге төнген қатердің беті қайтқан.

Тимур Дидахметов, облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:

- Уба өзеніндегі мұз кептелісі сол маңдағы елді мекенге қауіп төндірді. Сондықтан жедел іске көшіп,ол жаққа тікұшақпен жеттік. Осылайша, 900 келі жарылғыш зат пайдаланып, мұз көбесін сөгу шарасын атқардық. Қазір қауіп сейілді. Дегенмен, тасқын болуы мүмкін аудандарды күнделікті тікұшақпен барлап жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы