423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Су басу қаупі бар аймақтарда алдын алу жұмыстары қолға алынды

  • 725
  • UPD: 22:02, 07.04.2020
Су басу қаупі бар аймақтарда алдын алу жұмыстары қолға алынды

Тасқын қауіп төндіріп тұрған аймақтар – Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстары.

Арқа өңірі мен Шығыста жағдай тұрақты, деп хабарлайды «Хабар 24». Төтенше жағдайлар қызметі бөгеттерді нығайтуға күш салып жатыр. Өзендерде кептеліс болмау үшін мұз жаруға ден қойылған. Республика бойынша өзендерде барлығы 15 тоннадай жарылғыш қолданылып, 138 жарылыс жасалған.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарын су басу қаупі бар. Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандары ерекше қауіпті аймақтарға жатады. Қазір алдын алу шаралары барынша қолға алдық. Тиісті органдармен күнде мониторинг жүргізіліп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы