423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Коронавируспен күресте елімізге Қытай дәрігерлері көмекке келмек

  • 493
  • UPD: 22:03, 07.04.2020
Коронавируспен күресте елімізге Қытай дәрігерлері көмекке келмек

COVID-19 вирусымен күресте көмек көрсету үшін Қытай өз дәрігерлерін Қазақстанға жібереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Делегация 9 сәуір күні арнайы бортпен ұшып келеді. Оның құрамында вирустың алдын алу және инфекция жұқтырғандарды емдеу бойынша кеңес беретін білікті мамандар бар. Пульмонология, интенсивті терапия, қоғамдық денсаулық сынды бірқатар саланың ұзын-ырғасы 13 маманы қазақстандық дәрігерлерге арнайы тренинг өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 24 наурызда Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, осы көмек туралы келісімге келген еді.

Хабар 24 телеарнасы