430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 16 наурыз күні дүниеге келген үшем перзентханадан шықты

  • 529
  • UPD: 22:37, 07.04.2020
Шымкентте 16 наурыз күні дүниеге келген үшем перзентханадан шықты

Шымкентте 16 наурыз күні дүниеге келген үшем бүгін перзентханадан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың есімдері – Медина, Алина және Ясина. Төртінші рет ана атанған 34 жастағы Арайлым Сембиеваның айтуынша, қыздарының есімін атасы мен апасы қойған. Бұл сәбилер қалалық перинаталдық орталықта мерзімінен бұрын дүниеге келген. Айы-күні толмай туған сәбилердің салмағы небәрі 1,5 келідей ғана болған екен. Бастапқыда өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ақ халаттылардың біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесінде шала туған шақалақтар қазір аман-есен. Бұл биылдыққа Шымкентте өмірге келген үшінші үшем.

Арайлым Сембиева, үшемнің анасы:

- Жағдайы жақсы бәрі керемет. Дәрігерлер өте жақсы қызмет көрсетуде. Алдында бір қыз, екі балам бар. Үлкені 9 жаста. Одан кейінгісі 2,5 жасар және 1 жас 2 ай. Одан кейінгісі осылар. Ғұмырларын ұзақ қылсын. Алла тағалама шексіз алғысымызды білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы