413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда карантинге жабылған үй тұрғындарына көмек көрсетілді

  • 98
  • UPD: 23:07, 07.04.2020

Қарағандыда ережесіз жекпе-жек клубының мүшелері карантинге алынған үйлерге азық-түлік жеткізіп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас-аяғы 550 отбасыға көмек көрсетілген. Айта кетерлігі, каранатиндегі көп қабатты үй тұрғындарына үйден шығуға болмайды. Дәрігерлер тәулігіне екі қайтара денсаулықтарын тексерсе, әкімдік екі рет азық-түлік жеткізеді. Ал спортшылар өздерінің қаражатына 8 тонна картопты тегін үлестірді. Бұл көмек карантинге жабылған үйден бөлек, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға да таратылады. Қалғаны орталық мешітке жеткізіліп, көмекке мұқтаж өзге жандарға берілмек. Бұл игі іс «Nur Otan» партиясының республикалық «BizВіrgemiz» акциясы аясында өткенін атап өткен жөн.

Нұрлан Қалтаев, спорт клубының жетекшісі:

- Бүгінгі күні басқа түскен қиыншылықта бірге болып, елге көмектесейік деп, карантинге жабылғандарға 8 тонна картоп алдық. 550 отбасына жету керек. Міне, тағы да мұқтаж жандарда келіп жатыр, бүгін бәрі бітіреміз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы