411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТЖ режиміне бағынбаған екі солтүстікқазақстандық қамауға алынды

  • 114
  • UPD: 23:48, 07.04.2020
ТЖ режиміне бағынбаған екі солтүстікқазақстандық қамауға алынды

Төтенше жағдай режиміне бағынбаған екі солтүстікқазақстандық азамат қамауға алынды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің мамандары хабарлады. Бұл жағдайлар дүкендерде санитарлық талаптардың сақталмауы және карантиндік аумақтан өз бетімен шығып кетумен байланысты. Өңірде 1 сәуірден бері осындай 73 оқиға тіркелген.

Баян Байғаскина, облыстық ПД ЖПБ басқармасының аға инспекторы:

- Барлық анықталған бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке 26 азамат тартылды. Оның ішінде екеуіне қатысты қамауға алынды. 24 азаматқа қатысты әкімшілік айыппұл салынды. Және қалған 47 азаматқа қатысты әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жолдануда.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

 

 

Хабар 24 телеарнасы