413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда дезинфекциялық туннельдер шығарыла бастады

  • 132
  • UPD: 10:32, 08.04.2020
Петропавлда дезинфекциялық туннельдер шығарыла бастады

Бұл – бұрын-соңды болмаған өндіріс.

Оны қаладағы көп салалы зауыт қолға алып отыр. Бірінші өткел ірі ойын-сауық кешенінің кіреберісіне қойылды. Енді орталыққа келушілердің үстіне автоматты түрде арнайы дайындалған ерітінді сеуіп тұрады. Қазір кәсіпорында тапсырыспен 10 туннель құрастырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, адамның үсті-басын зарарсыздандыратын сұйықтық киім-кешекке зиян тигізбейді.

Дмитрий Шарапаев, көп салалы зауыттың бас директоры:

– Туннельге жоғары қысымды бүріккіш орнатылған. Сұйықтықтың құрамы: 5 процент спирт, қалғаны тазартылған су мен диохлор. Сонымен қатар хош иіс қостық.

 

Хабар 24 телеарнасы