424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жаназада телефон ұрлаған әйел ұсталды

  • 355
  • UPD: 11:17, 08.04.2020
Түркістан облысында жаназада телефон ұрлаған әйел ұсталды polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жаназаға барып ұялы телефон ұрлаған әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесіне Ордабасы аудандық полиция бөлімшесінен  жергілікті тұрғынының арызы келіп түседі. Жәбірленушінің айтуынша, ол Қазығұрт ауданына туысының жаназасына келген, содан сол үйде отырған жерінде ұялы телефонын қалдырып кетіп, қайта үйге кірген кезде телефоны болмай шыққанын айтқан.

Ұялы телефонның жеке кодтары бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер екі күн ішінде күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жергілікті тұрғын, егде жастағы әйел болып шықты.​​​​​​Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әйел иесі ұмытып қалдырып кеткен телефонды жасырын алып, сатып жіберген. Ақшасын өз пайдасына жаратқан. Полицейлер жоғалған телефонды айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.​​​​​​​​​

Хабар 24 телеарнасы