427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТЖК Шығыс Қазақстан облысының өзендеріндегі мұзды қадағалап отыр

  • 397
  • UPD: 11:35, 08.04.2020
ТЖК Шығыс Қазақстан облысының өзендеріндегі мұзды қадағалап отыр

Температураның жоғарылауына байланысты облыс өзендерінде мұздың еруі басталды.

Тұрақты мұз жабыны күшті су қысымы кезінде бұзыла бастайды.

Кейде көктемгі мұздың шығу кезеңі қатты ағыспен және жағалауларды су басумен және кептеліспен қатар жүреді.

Мұздың салдарынан зардаптарды болдырмау үшін ШҚО өзендерінде жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар тұрақты мониторинг жүргізеді. Алтай ауданында Бұқтырма өзеніндегі мұз жүру басталды. Мұз жүру процесі тұрақты, су басу қаупі жоқ, өйткені мұз ұсақ әрі жұқа, өзен бойымен баяу қозғалады. Мамандар мұзды барлық күрделі учаскелерде күтіп алады және оның өтуін бақылайды. Егер кептелу қаупі туындаса, жарылыс жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдайды.

Қатон-Қарағай ауданының Ақсу ауылында Ақсу өзенінде мұз жиналды, бірақ кептеліс өздігінен өтті, су басу қаупі болған жоқ, арна тазартылды. Қазіргі уақытта Коробиха және Сенное ауылдарының ауданында Бұқтырма өзені мұздан босатылуда. Өзеннің ашылуын бақылау үшін Өскеменнен жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары қосымша жіберілді. 

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы