399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қала бойынша жүруге рұқсатты тексеруге арналған қосымша іске қосылды

  • 118
  • UPD: 11:59, 08.04.2020
Алматыда қала бойынша жүруге рұқсатты тексеруге арналған қосымша іске қосылды

Алматыда Е-Polisia KZ мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды Мемкомиссияның шұғыл штабы.

Қосымшаның көмегімен ЖСН және көліктің номерін теру арқылы қала ішінде қозғалуға рұқсат берілген немесе берілмегенін тексеруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 7 сәуірден бастап барлық қағаз түріндегі рұқсатнамалар мен анықтамалар талап етілмейтін болды.

Е-Polisia KZ қосымшасы әзірге Android платформасында ғана қолжетімді. Сондай-ақ аталған қосымша полицияға арыз, өтініш, сигнал беруге, коронавирус бойынша өзекті ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қосымшада бақылау-өткізу бекетінен өту ережелері жазылған бөлім бар.

Хабар 24 телеарнасы