413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 78 жігіт әскери жиынға іріктеліп алынды

  • 122
  • UPD: 14:40, 08.04.2020
Алматы облысында 78 жігіт әскери жиынға іріктеліп алынды

Алматы облысының Қарасай ауданынан 78 жігіт арнайы әскери жиынға шақыртылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

200-ден аса адамның ішінен іріктеліп алынған  жауынгерлер қызметіне кірісті. Барлық керек-жарақпен қамтамассыз етілген. Шақыртылғандарға төтенше жағдайға дейінгі айлық табысы көлемінде жалақы төленеді. Ал жұмыссыз жүргендеріне 42500 теңге беріледі. Олар бір ай бойы тосқауыл бекетінде кезекшілік атқарады.

Ербол Азатов, қала тұрғыны:

– Бүгін мында өз еркімізбен халқымызға көмектесу үшін келіп отырмыз. Бұл жерде халықтың карантин кезінде себепсіз үйлерінен шықпауын тексереміз.

Хабар 24 телеарнасы