413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 5 мыңнан астам бетперде тегін таратылды

  • 144
  • UPD: 14:05, 08.04.2020
Қызылорда облысында 5 мыңнан астам бетперде тегін таратылды

Аралда еріктілердің бастамасымен 5 мыңнан астам бетперде тұрғындарға тегін таратылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек 9 тігін цехы күніне 2 мыңдай бетперде тігіп, жергілікті дәріханаларға өткізеді.  Дарынды балаларға арналған интернат пен «Қамыстыбас» пансионатында қосымша төсек орындар әзірленді. Ауданда азық-түлік қоры да жеткілікті. Әлеуметтік 19 түрлі агротауардың бағасы да ерекше бақылауда. Нанның бағасы 80 теңге шамасында. Наубайханалар жергілікті диірменде тартылған ұн пайдаланады.  

Мұхтар Оразбаев, Арал ауданының әкімі:

– Ұн тарту диірменінде 2 вагон ұн, яғни 120 тонна 1-сортты ұн тұр. Әр қабы 6500 тг халыққа ұсынылуда. Бұдан бөлек 65 тонна жеке ұн сату кәсібімен айналысатын кәсіпкерлерде Қостанай облысына келген 1-сортты ұнымыз бар. Әзірге жеткілікті. Тұрақты балық зауыттары жұмыс жасап тұр. Ауланған балық сыртқа шығарып жатқан жоқпыз. Күніне бір табиғат пайдаланушы Арал қаласына 1-1,5 тонна балықты әкеліп, базар бағасынан 20-30% төмен бағада сатылып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы