411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында коронавируспен күрес шаралары күшейтілді

  • 135
  • UPD: 15:36, 08.04.2020
Қызылорда облысында коронавируспен күрес шаралары күшейтілді

Қызылорда облысында коронавируспен күрес шараларын ұйымдастыру және ақпараттарды талдау мақсатында арнайы call-орталық құрылып, тәулік бойы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мамандар күн сайын 200-ден 400-ге дейінгі қоңырауға жауап береді.  «Көбіне тұрғындарды мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен блок-посттардан өту ережесі және карантин талаптары туралы мәселелер толғандырады», – дейді мамандар. Бүгінге дейін төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 179 дерек тіркелді. 51-іне әкімшілік айыппұл салынса, 58-і әкімшілік қамауға алынған.

Қайратбек Сәрсенбаев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы:

– Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша коронавирус індетіне шалдыққандардың саны 72-ге жетіп отыр. Бұл фактілердің 90 пайызы Шиелі ауданында Петропавл – Қызылорда пойызына мініп келген студенттің басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы, туған күн тойлауы себепті осы өршіп тұр. Шиелі ауданының өзінде 25 мың шаршы метр жерді зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында және ауылдық жерлерде адамдардың қозғалысына шектеу қойылды.

 

Хабар 24 телеарнасы