429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Телеграм-бот арқылы әлеуметтік төлемақы алуға 800 мыңнан астам өтініш берілді

  • 759
  • UPD: 15:24, 08.04.2020
Телеграм-бот арқылы әлеуметтік төлемақы алуға 800 мыңнан астам өтініш берілді

6 сәуірде іске қосылған Телеграм-боттардың көмегімен 42500 теңге әлеуметтік төлемді алуға 800 154 өтініш түсті.

Жалпы алғанда барлық қолжетімді сервистер арқылы азаматтардан 2,5 млн өтініш келіп түскен.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 42500 теңге әлеуметтік төлемін алуға өтінім беруге арналған қосымша арналарды іске қосқанын естеріңізге салып өтеміз. Әр өңірдің азаматтары өз өңірлері бойынша өтінім бере алатын 18 телеграм бот құрылды. Бұл арналардың жүктемесін азайтып, өтінім беру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ egov.kz порталында ЭЦҚ-ны пайдаланбай, SMS арқылы авторлану жолымен өтінім беруге болады. Берген өтініміңіздің қаралғанын және өңделгенін порталдағы Жеке кабинеттен тексере аласыз.  

Бұдан басқа 42500.enbek.kz сервисі арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда.

Қазақстанның әр өңірінде 42500 теңге алуға өтініш беруге арналған жеке боттар әзірленді. Сілтемелерін мына жерден білуге болады.

Ақпарат көзі: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы