429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда оқушының теракт жасайтыны туралы хабарламасы елді дүрліктірді

  • 294
  • UPD: 16:31, 08.04.2020
Алматыда оқушының теракт жасайтыны туралы хабарламасы елді дүрліктірді

Алматыда 14 жастағы бала теракт жасайтынын айтып, елді дүрліктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім бұл туралы жергілікті тұрғындардың бірінің WhatsApp номеріне жазған. Ол 8 сәуірде Алматының Медеу ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін жарып жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан.

«Бұл ақпарат жедел әрекет етуді қажет етті. Хабарлама түсе салысымен қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері дереу осы мекен-жайға барып, саперлердің көмегімен ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Ақпарат расталмады. Оның авторы жедел-іздестіру шараларының арқасында тез табылды.Ол жоғарыда аталған көп пәтерлі үйдің бірінің 14 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Жасөспірім өзінің жасаған әрекетін мойындап, оны бұзақылық ниетпен жібергенін айтты. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша тіркелді», - дейді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ полиция, терроризм актісі бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Хабар 24 телеарнасы