427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаты: Ең бастысы – елдің бірлігі

  • 290
  • UPD: 18:08, 08.04.2020

Ең бастысы – елдің бірлігі дейді Мәжіліс депутаты Мансурхан Махамбетов.

Оның пікірінше, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында айтылған ойдың түпкі мақсаты да осы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізге тәуелсіздік жылдары жетістіктің оңайлықпен келмегені рас. «Ендігісі сол бірлікті сақтап, қиындықпен күресе білу керек», – дейді депутат.

Мансурхан Махамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Ондағы басым бағыттың бірі – біздің еліміздің әлеуетінің барлығы. Яғни қандай қиындық болмасын, біз оны жеңіп қана қоймай, одан нығайып шығамыз. Одан қатайып шығамыз. Келешекке қадамымыз нық болады. Міне, осы мәселені айтып отыр. Ең бастысы – елдің бірлігі. Қандай тірлік болмасын, бірлік, татулық болмаса, ешқандай табыс болмайтынын айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы