413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында табиғи апат салдарын жою үшін төтенше жағдай жариялануы мүмкін

  • 145
Ақмола облысында табиғи апат салдарын жою үшін төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Екпінді жел кеше Ақмола облысында да ойран салғанын білесіз. Сол табиғат апатының салдарын жою үшін аймақта төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салалық департамент жергілікті әкімдікке осындай ұсыныс енгізбек. Жалпы ұйытқыған желден аймақта 100-ден астам ғимарат бүлінген. 30 шақты адам жарақат алды. Өкінішке қарай бір адам қаза тапты. Тағы бір тұрғын ауыр халде жатыр. Қалғандарының жағдай орташа ауыр деңгейде. Өңірде қазір көптеген елді мекен жарықсыз отыр.

Алексей Советов, облыстық ТЖД бастығы:

– Облыста 189 елді мекен жарықсыз қалды. Олардың 40 шақтысында электр қуатын қалыпқа келтірдік. Бүгін кешке дейін қалғандары да жарыққа қосылады. Жалпы келтірілген шығын көлемі қазір есептеліп жатыр. Табиғат апатының салдарын жою үшін біз облыстық әкімдікке төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс айтып жатырмыз. Бұл нысандарды қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы