418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жолдарды жөндеу жұмыстары ерте басталды

  • 303
  • UPD: 23:58, 08.04.2020

Өскеменде жол нашар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталықтың өзінде ойдым-ойдым көше көп. Осыны ескерген мердігерлер биыл жөндеу жұмыстарына ерте кірісті. Көлік қозғалысының шектелуі жұмысты ширата түскен.

Көктем шыға Өскемендегі көшелердің көбінде ойдым-ойдымы шығады. Орталықтағы кейбір жолдарды жыл сайын жамап-жасқағанымен беткі жабындысы қармен бірге ериді. Ал биыл шығыста қар қалың болғанымен, көктем ерте шықты. Сондықтан қалада ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары да жылдағыдан ерте басталды.

Белес Азат, мердігер мекеме өкілі:

– Облыс бойынша Шемонайха ауданын алып отырмыз. Ал Өскемен бойынша жоқ дегенде 3 орта жөндеу жұмысын істейміз деген жоспар бар. Бізде жұмыс істеп жатқан қызметкерлеріміз маскамен, антисептикпен және қолғаппен толық қамтамасыз етілген.

Сәуір айының соңына дейін 12 шақырым жол жөнделмек. Басым бөлігінде ойықтары жамап-жасқалады.

Көлік қозғалысның шектелуі жол жөндейтін мекемелер үшін тиімді болып тұр. Осы ұтымды тұсты ұтқыр пайдаланған мердігерлер өз жұмыстарына кірісіп кетті. Ал алдағы жазда жалпы қаладағы жолдардың 50 проценті жөнделмек.

Жаздың соңына дейін қалада 42 мың шаршы метер жерге жаңа асфальт төселеді. Былтыр шаһардағы жолдарды әр түрлі дәрежеде жөндеуге 60 миллион теңге бөлінген. Бірақ ол жыл аяғына жетпей ойылып қалды.

Жолдың сапасы тікелей материалға байланысты. Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары мердігер мекемелер қолданылатын материалға назар аудару керектігін айтады. Жолдың жөндеу дәрежесіне қарай төселетін асфальттың қосындысы да әр түрлі болады.

Айнұр Кеңесханова, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК зертхана меңгерушісі:

– Жобада көрсетілген материалдарды толықтай жолға салмай тұрып, зертханалық сараптамадан толықтай тексергеннен кейін барып салған жағдайда жолдың сапасы жақсы болады. Кепілдік мерзімін ұстап тұрады.

Кепілдік мерзімі ұстап тұру үшін қатаң қадағалау жөнінде қала әкімдігі әзірше ештеңе айта алмай отыр. Тек шаһардағы автокөлік жолын жылда жөндеумен әлек. Ал биыл қанша мердігердің жұмыс істейтіні де белгісіз. 

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмиртрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы