411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде инновациялық бетперделер шығарылып жатыр

  • 144
Семейде инновациялық бетперделер шығарылып жатыр

Семейдің электротехникалық колледжі инновациялық бетперделер шығаруға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу орнының ұжымы елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап жоғары сұранысқа ие тауардың жаңа түрін жасауды қолға алған. Бұл бетперде арнайы бағдарлама арқылы компьютерге енгізіліп, 3D принтері арқылы шығарылады. Әлгі бағдарлама әр адамның бет пішінін де дәл өлшеп береді екен. Шикізат ретінде жұмсақ биопластик қолданылады. Әзірге жаңа үлгідегі бетпердені колледж ұжымындағы 150 адам киіп жүр. Олар мақсатымыз – бұл өнімді сатып, тарату емес. 3D принтері бар кез келген мекеменің өз күшімен жасауға болатынын көрсету дейді. Жалпы Шығыс Қазақстанда былтыр 655 IT сынып ашылып, барлығы осындай озық құрал-жабдықтармен қамтылған.

Азат Сарпеков, электротехникалық колледж директоры:

– Бұл бетперде өте жеңіл киіледі. Және адамға демалуға, сөйлесуге екі жағында фильтрі бар, 100 данадан сатылады, өте арзан. Күнделікті неше рет ауыстыру қажет, сонша ауыстырып пайдалана бересіз. Қазір бұл жұмыстарды біз оқу орны болғаннан кейін көп тиражда жасамаймыз. Өндірістер осыны ойға алып, кейін өндірістік салада кең таралымын алады деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы