411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы теміржолдың үстінен өтетін көпір құрылысы күзге дейін аяқталады

  • 129
  • UPD: 22:57, 08.04.2020
Оралдағы теміржолдың үстінен өтетін көпір құрылысы күзге дейін аяқталады

Оралдықтар карантинге қарамастан, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп қолға алған істі межелі мерзімде аяқтамақ. Қазір қалада Абай алаңы жөнделуде. Бұл үшін қала бюджетінен 30 миллион теңге бөлінді. Мерекеге дейін Жеңіс алаңы да ажарлана түседі. Ал қаладағы теміржолдың үстінен өтетін көпір құрылысы күзге дейін аяқталады.

Жандос Сәлімов, қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

– Жұмыстың 85% қазір жасалған болатын. Аяқтау мерзімі қараша айында жоспар бойынша. Бірақ біз шілде айында бітіруге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы