413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы ХҚКО қызметкерлері тұрғындарға қашықтан қызмет етеді

  • 134
  • UPD: 08:53, 09.04.2020

Оралдағы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тұрғындарға қашықтан қызмет етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай режиміне байланысты халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысына да бірқатар өзгерістер енген болатын. Карантин кезінде тұрғындарға онлайн қызмет көрсетуге көшкен мамандармен сол өңірдегі тілшіміз тілдесіп қайтты.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Зарема Зайнуллина – қашықтан қызмет көрсетуге көшкен мамандардың бірі. Үйде отырып-ақ қоңырауларды қабылдап, тұрғындардан толассыз түсетін сауалдарға жауап қайтарады. Маманның үйдегі жұмыс орны барынша қолайлы жасақталыпты. Тіпті жұбайы арнайы тапсырыспен мынадай ақпараттық баннер де жасап берген. Ал, сауалдар реті сан алуан. Және еліміздің түкпір-түкпірінен түседі екен.

Зарема Зайнуллина, Халыққа қызмет көрсету бөлімінің маманы:

- Жеке куәлікті қалай алу туралы, жүргізушінің куәлігін қалай алу, жаңа туған балалардың тууын тіркеу туралы көптеген сұрақтар. Және қазіргі таңда басты сұрақтар бұл –42500 теңге ТЖ кезіндегі төленіп жатқан әлеуметтік төлем жөнінде көптеп азаматтар хабарласады. Және ЭЦҚ қалай алуға болады сол сұрақтар бойынша сұрақтар түсіп жатыр.

Облыстағы 19 халыққа қызмет көрсету орталығында 300-дей қызметкер еңбек етеді. Зарема секілді қазір олардың барлығы да қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшкен. Бейнебайланыс арқылы кеңес беру де жолға қойылыпты. Тек дайын құжаттарды беру бөлімі ғана әдеттегі режимде. Дегенмен, барлық санитарлық талаптар қатаң сақталып, құжаттар терезенің ар жағынан беріледі. Соңғы уақытта қызмет алушылар қатары арта түскен.

Жанна Батарғалиева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК БҚО филиалы директорының орынбасары:

- Наурыз айында бір ғана электорнды цифрлық қолтаңба алуға 3 мыңдай тұрғын өтініш берді. Ал, осы айдың тек алғашқы 3 күнінде олардың саны 4500-ге жетсе, мамандар телефон арқыы қойылған 36 мыңдай сұраққа жауап қайтарған.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметтердің 80%-ін онлайн алуға мүмкіндік бар. Және оған карантиннің де еш қатысы жоқ. «Сондықтан тұрғындар өздеріне қажетті құжаттарды үйден шықпай ақ электронды форматта алғаны дұрыс», - дейді орталық мамандары.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Газезов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы