411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 92 адам коронавирус жұқтырған

  • 199
  • UPD: 10:42, 09.04.2020
Қызылорда облысында 92 адам коронавирус жұқтырған

Бүгін 10:00-дегі мәлімет бойынша Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам анықталды.

Ауру жұқтырғандардың бесеуі Шиелі ауданында, біреуі Сырдария ауданында және біреуі Қызылорда қаласында тіркелді. Бұл туарлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 92 адам анықталды:

Қызылорда қаласында – 10,

Жаңақорған ауданында – 16,

Қармақшы ауданында – 4,

Шиелі ауданында – 52,

Сырдария ауданында – 8,

Арал ауданында – 2.

Хабар 24 телеарнасы