412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ішкі істер министрлігінің қызметкері коронавирус жұқтырған

  • 131
  • UPD: 11:56, 09.04.2020
Ішкі істер министрлігінің қызметкері коронавирус жұқтырған

ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкері коронавирус жұқтырған. Қазіргі уақытта ол ем алуда.

Науқастың жағдайы тұрақты.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты.

Қызмет барысында науқаспен 530 адам байланыста болған. Оның ішінде әріптестері мен отбасы мүшелері бар. 30 адам стационарлық карантинге алынды, ал 80 адам үй карантинінде жатыр.

Қазіргі уақытта байланыста болғандардың көбісі ауруханадан шығып, жұмысын жалғастырып жатыр.

Юрий Ильиннің айтуынша, ІІМ қызметкерлері ішінде коронавирустан қайтыс болғандар немесе ауыр жағдайда жатқандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы