412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қоқыс контейнерлерін зарарсыздандыру жұмыстары басталды

  • 178
  • UPD: 15:25, 09.04.2020
Елордада қоқыс контейнерлерін зарарсыздандыру жұмыстары басталды

Коммуналдық қызметкерлер қоқысты жинап алып кеткеннен кейін контейнерлерге арнайы сұйықтық себіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану комитетінің хабарлауынша, мұндай жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Төтенше жағдайға байланысты коммуналдық қызметкерлердің жұмысы қауырт. Қоқыс таситын көліктер тәулігіне шамамен 175 рейс жасайтын көрінеді. Карантин кезінде тұрғындар үйде отырғандықтан, қоқыс көлемі артқан.

«Соңғы аптада тұрмыстық қалдықтар 20-30%-ке көбейген», - дейді мамандар. Айта кетейік, қала аумағында 2800-ге жуық қоқыс алаңы бар.

Алмас Рысалиев, қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы:

- Контейнерлік алаңға екі түрлі көлік келеді. Мысалы, сары контейнерді ақ көліктегі қоқыс тасушы алып кететін болса, жасыл және металл контейнерлерге қызғылт түсті камаздар қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетіп болғаннан кейін, яғни, таза контейнерлерге дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді. Бір контейнерлік алаңға кемінде 10 литр дезинфекциялық сұйықтық кетеді. Ол контейлерлік алаңның көлеміне және санына байланысты.

Хабар 24 телеарнасы