418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада лицензиясыз антисептик сатқандар ұсталды

  • 163
  • UPD: 13:14, 09.04.2020
Қызылордада лицензиясыз антисептик сатқандар ұсталды

Қызылордада қалыптасқан карантиндік жағдайды өз пайдасына жаратуды көздеп, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысушылар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс бойынша экономикалық тергеу департаментінің мамандары жалпы құны 2 миллион 712 мың теңге болатын лицензиясыз антисептик құралдарын саудаға шығарған азаматты ұстады. Салық органында кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұрғыннан 113 бөтелке антисептикалық ерітінді тәркіленді. Пысықай сырбойылық сыйымдылығы 4 литрлік санитарлық сұйықтықтың әр құтысын 24 мың теңгеден сатқан. Сондай-ақ құзырлы мекеме қызметкерлері аймақтағы қоймаларды тінту барысында 23 мың 772 дана алкоголь өнімі мен 1500 литрден астам спирт тәркіледі. Айғақтық заттардың барлығы дезинфекциялау шаралары үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілді.

Серік Нарегей, облыс бойынша экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:

- Материал бойынша ҚР ӘҚК 463-бабы негізінде мемлекеттік кірістер департаментіне берілді. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті облыс тұрғындарынан сұрайтынымыз, облыс көлемінде медициналық маскаларды және антисептикалық құралдарды сатып жатқан дерек анықталса, біздің 21-52-09 сенім телефонына хабарласуды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы