428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанмен шекарада елімізден 300 тонна ұнды шығармақ болғандар ұсталды

  • 305
  • UPD: 14:15, 09.04.2020
Қырғызстанмен шекарада елімізден 300 тонна ұнды шығармақ болғандар ұсталды Almaty.tv

Төтенше жағдай режимінің әрекет етуі кезінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бірінші кезектегі қажетті азық-түлік тауарларын сатудағы манипуляция және бағаны жасанды түрде жоғарылату фактілерін анықтау бойынша жедел шаралар жүргізіп келеді.

Осылайша, 2020 жылғы 3 сәуірде департамент қызметкерлері Қордай ауданында орналасқан «Қарасу» шекаралық бақылау-өткізу бекетінде Қазақстаннан Қырғызстанға 300 тонна ұнды сыртқа шығаруға тырысқан сегіз жүк автокөлігін ұстады. Сондай-ақ жалған тауар-көлік жүк құжаттарында сыртқа шығарылған тауар «цемент» атауымен белгіленген.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабына сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы