423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда белсенді жастар дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне көмек көрсетуде

  • 431
  • UPD: 16:30, 09.04.2020

Оралда белсенді жастар қатерлі індетпен күресіп жүрген медицина мамандары мен полиция қызметкерлеріне көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Студенттер мен волонтерлер жедел жәрдем станциясы мен блок-бекеттерге ыстық тағам жеткізеді. Түстік ас өңірдегі іргелі жоғары оқу орындарының бірінің асханасында дайындалады екен.

Індеттің бетін қайтаруға жедел жәрдем қызметкерлері де атсалысып жатыр. «Түрлі жағдайға тап болғандарға шұғыл көмек көрсету өз алдына, қазір үй карантиніндегі тұрғындарға да қарасып жатырмыз», - дейді олар

Гүлнар Жұмағалиева, облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары:

- Эпид жағдайға байланысты әр ауысым бойынша 10 бригададан құрылып, шақыртулар түссе, карантин жағдайында немесе шетелдерден келген адамдарға шақырту түскенде, 10 бригаданың ішінен адамдарды киіндіріп, алгоритмге байланысты орындап отырмыз. Универcитеттен келіп бізге өздерінің көмектерін көрсетіп жатыр, рақмет айтамыз.

Университет асханасында дайындалған ыстық тамақ провизорлық госпитальдар мен блок-бекеттерге де әкелінді. Қазір қала аумағында осындай 9 блокпост жұмыс істеп тұр. Санитарлық дәрігерлер мұнда жүргізушілердің қызуын өлшеп, сауалнама жүргізеді. Ал полиция шекара аумағынан өтетін транзиттік көліктердің кіріп-шығуын қамтамасыз етеді.

Ержан Ерғалин, облыстық ПД басқарма бастығы:

- Тәулігіне 350-400-дей автокөлік өтеді. Жұмыс орнында күнделікті барлығы жасалған. Ыстық тамақты Үкімет береді. Әкімшілік дайындатқызып, бәрін жеткізеді. Жеке кәсіпкерлер қаламыздың осы далада біздің қызметкерлеріміз, медиктеріміз тәулік бойы үйлерін көрмей жұмыс істеп жатыр деп, соған бір жәрдемдесейін деп көмек көрсетіп жатыр.

Асхат Өкшебаев, волонтер:

- Әлеуметтік аз қамтылғандар – біздің ардагер, зейнеткерлеріміз, жалпы 75 адамға әлеуметтік көмек көрсетуде. Бұл көмектің ішіне осы бір ай көлемінде азық-түлікпен қамтамасыз ету кіреді.

Қатерлі індеттің бетін қайтаруда темірдей тәртіппен қатар ұйымшылдық пен бірліктің болуы маңызды. «Біз біргеміз!» акциясының аясындағы осындай қайырымдылық шаралары жалғасын табады», - дейді студенттер.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Газезов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы