412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық кәсіпкерлер дәрігерлер мен волонтерлерге 13 көлік бөлді

  • 109
  • UPD: 14:26, 09.04.2020
Қарағандылық кәсіпкерлер дәрігерлер мен волонтерлерге 13 көлік бөлді

Қарағанды кәсіпкерлері қазіргі карантин уақытында санитарлық дәрігерлер мен волонтерлердің жүріс-тұрысын кедергісіз ету үшін 13 көлік бөліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, тағы бір компания өкілдері аталмыш көліктерді зарарсыздандыру үшін тегін дезинфекциялау заттарын берген. Осылайша, санитарлық дәрігерлер үшін ерекше қолайлы жағдай жасалды. Ал, еріктілер болса, егде жастағылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қажеттіліктерін жеткізіп береді.

Еске салсақ, Қарағанды облысының көлемінде карантин жарияланған болса, 11 өңір ерекше бақылауда. Сәйкесінше қоғамдық көліктер тоқтаған. Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 50- ден асты. 1 адам осы аурудан көз жұмған.

Хамит Босқымбаев, кәсіпкер:

- Волонтерлер осы көліктермен қажет деген жандарға азық-түлік жеткізіп, басқа да жұмыстар жүргізе алады. Көліктің барлық шығынын және жүргізуші ақысын компания өз мойнына алып отыр. Қазіргі жағдайда бұл бастама оң ықпал етеді деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы