411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 56-ға жетті

  • 175
  • UPD: 15:21, 09.04.2020
Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 56-ға жетті

Ақмола облысында тағы 13 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығы да жақында осы індеттен қайтыс болған 73 жастағы қариямен байланыста болғандар. Ал, қауіпті вирусқа шалдыққандардың ең үлкені 99 жаста. Осылайша, бір ошақта қарым-қатынаста болған 216 адамның 34-інен қазір COVID-19 анықталып отыр. Ал, аймақта осы аурумен ауыратын пациенттердің саны бүгінде 56-ға жетті.

Хабар 24 телеарнасы