419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар онлайн оқып, кәсіп меңгереді

  • 437
  • UPD: 17:47, 09.04.2020
Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар онлайн оқып, кәсіп меңгереді

«Кәсіпкер ана» жобасына қатысушылар онлайн оқып, кәсіп игермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі таңда 500-ден аса әйел білім алуға ниет білдірген. Аталған жоба өткен жылы елорда қалалық әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған болатын. Оған көп балалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған аналар мен тұрмысы төмен әйелдер қатыса алады. Кәсіптің қыр-сырын бизнес тренерлер, кәсіпкерлер, сарапшылар, шеберлер үйретеді. Осы уақытқа дейін 100-ге тарта адам тегін оқып шықты. Бастамашыл топ карантин кезінде де жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бейне-сабақтар қатысушылардың электрондық поштасына жіберіледі. Курс аяқталған соң сертификат табысталады.

Әсем Әлтаева, жоба үйлестірушісі:

– Онлайн жоба 11 бағыт бойынша болады. Ең керекті, ең маңызды бағыттар деп санаймыз. Ол кондитер, СММ   графикалық дизаин, копирайтинг, СММ менеджментін меңгертетін IT индустрия бағытындағы мамандықтар.

Хабар 24 телеарнасы