412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 2021 жылы 575 шақырым жол пайдалануға беріледі

  • 165
  • UPD: 18:11, 09.04.2020
Қарағанды облысында 2021 жылы 575 шақырым жол пайдалануға беріледі Sputnik Казахстан

Қарағанды облысында ұзындығы 575 шақырымды құрайтын республикалық маңызға ие М-36 РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы жолы 2021 жылы пайдалануға берілетін болады. Бүгінгі таңда жолдың екі учаскесінде қозғалыс ашық.

Тұтастай алғанда, автомобиль жолы төрт учаскеге бөлінген. Теміртау-Қарағанды жолы мен Қарағанды қаласы айналма жолының 61 шақырымы көлік қозғалысы үшін ашық, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Нысандар биыл пайдалануға беріледі. Жалпы ұзындығы 514 шақырымды құрайтын Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Бурылбайтал жол учаскелерінде жолшылар қозғалысты биыл ашуды жоспарлап отыр. Аталмыш учаскелер 2021 жылы пайдалануға берілмек.

Қайта жаңарту жобасы аясында 15 көпір, 17 жол айрығы, 40 жол өткелі, 470 су өткізгіш құбыр, демалыс алаңдары мен елді мекендердің маңында орналасатын автопавильондар салынбақ.

Бүгінгі таңда 23 млн м3 жер қазу жұмыстары жүзеге асырылды. Су өткізгіш құбырлардың 60% орнатылған. Сонымен қатар 63 шақырымда жол жабынының жоғары қабаты, 70 шақырымда жолдың төменгі қабаты және 75 шақырымда жолдың қиыршық тас қабаты төселді. Жоспар бойынша, қайта жаңарту жұмыстарына 2596 жол-құрылыс техникасы мен 4500 маман жұмылдырылады.

Тасжол Қарағанды облысындағы Теміртау, Қарағанды, Үштөбе, Жұмабек, Ақсу, Ақсу-Аюлы, Ақшатау, Ақжал, Балқаш, Гүлшат, Сарышаған және Приозерск елді мекендері арқылы өтеді.

Еске салайық, Қазақстанда 2020 жылы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы қамтылса, қозғалыс 2 мыңнан астам шақырым жолда ашылады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы