431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда күн күрт суытты

  • 321
  • UPD: 21:00, 09.04.2020
Алматыда күн күрт суытты

Бүгін Алматыда қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан екі күн бұрын шуақты болғанымен, кешеден бері  жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласты. Таулы аймақтардағы қардың қалындығы 4 сантиметрге дейін жетті. Су басу қаупі мен көктайғақтың алдын алу мақсатында қала бойынша 397 арнайы техника мен 900-дей жұмысшы жұмылдырылды, дейді қалалық әкімшілік өкілдері.  Шаһардағы ауа райы қазір 0 градус шамасында. Ертең Алматыда түстен кейін күн жылына бастайды, дейді синоптиктер.

Хабар 24 телеарнасы