412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Елбасы үндеуі арқылы халыққа рухани қолдау көрсетіп отыр

  • 174
  • UPD: 20:54, 09.04.2020

Қазір әлемнің дағдарыс алдында тұрғаны анық. Осы ретте еліміз алғашқылардың бірі болып, коронавирус салдарына төтеп берудің амалын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24»

 Азық-түлік қауіпсіздігі қамтылған, заманауи медицина бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шаруалардың жағдайын реттеуге де көңіл бөлді. Ал Елбасы өз кезегінде үндеуі арқылы халыққа рухани қолдау көрсетіп отыр дейді сарапшылар.  

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Ұрпақтар сабақтастығы мен дәстүр сабақтастығын қосқан кезде ізгілік те, игілік те қатар жүреді деп айтты. Соны бұлжытпай орындайтын болсақ, меніңше, көп жетістікке жетеміз. Әсіресе, әлем мемлекеттері алаң болып отырған жағдай ғой. Екінші жағынан экономикалық дағдарыстың шеті де көрініп қалды. Оның барлығы заңдылық. Бірақ халқымыздың бірлігінің арқасында бұл қиындықтан өтеміз деп ойлаймын

Алмас Арзықұлов, ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері:

– Ауыл шаруашылығы саласындағы шаруаларға көмек көрсетеді. Қазір жағдай тұрақталды. Сонымен қатар дағдарыстан кейінгі кезде де еліміздің жақсы деңгейде шығып кетуіне көп.

Хабар 24 телеарнасы