433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда көшелерді абаттандыру жұмыстары басталды

  • 636
Атырауда көшелерді абаттандыру жұмыстары басталды

Биыл облыс орталығы бойынша 23 мың шаршы метр жерге жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қосымша 12 мың шаршы метр алқапқа әсем гүлдер егіледі. Қазір Исатай-Махамбет алаңының маңайы, басқа да гүлзарлар мен демалыс орындарында дайындық жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ көшелердегі арықтар мен жазғы су құбырлары қалпына келтіріле бастады. Қалалық әкімдік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қала көшелерін абаттандыруға арналған бес жылдық жоба қабылдаған еді. Аталмыш жоба наурыз айынан бастап жүзеге аса бастады. 

Аңсаған Сағынбаева, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Жыл сайын 5 мың жас өскін отырғызу. Және оларды зиянкестердерден қорғау жұмыстары жүргізіледі. Қосымша айта кетейін, жалпы карантин аяқталғаннан кейін 20 мың дана тал-терек сатып алынып, ауылдық округтерде отырғызылатын болады.

 

Хабар 24 телеарнасы