411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда коронавирусты анықтауға арналған 55 мыңнан астам тест әкелінді

  • 132
  • UPD: 22:05, 09.04.2020
Алматыда коронавирусты анықтауға арналған 55 мыңнан астам тест әкелінді

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 121-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте тіркелген екі науқас та бұған дейін ауру жұқтырғандармен байланыста болған. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді. 121 науқастың 65 проценті ауру жұқтырғандармен байланыста болғандар. Ал 35 пайызы сырттан ауру әкелгендер болса, 5 пайызы елімізде жүріп індет жұқтырғандар. Жалпы, осы уақытқа дейін 13 мыңнан аса адам инфекцияға тексеруден өткен. Мұндай сараптаманы жасаумен елімізде 4 зертхана айналысады.   Қазіргі уақытта ауруды анықтайтын тест жеткілікті көлемде.

 

Айзат Молдағасымова, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

– Кеше денсаулық сақтау министрлігінен елу бес мыңнан аса тест келді. Бұл тест арқылы короновирус жұқтыруы мүмкін деген азаматтар тексеруден өтеді. Айта кету керек, тесттен өтуі тиіс адамдардың тізімі ұлғайтылды. Олар арудың алдын алу мақсатында еңбек етіп жүрген дәрігерлер, Ұлттық гвардия қызметкерлері, қорғаныс әскері, полиция департаментінің өкілдері инфекцияға сынама тапсыруда.

 

Хабар 24 телеарнасы