413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • 111
  • UPD: 10:38, 10.04.2020
Елорда көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы көшелерінде қыстан кейінгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жарық құрылымдарын тазалау, сырлау, жарықтандыру, жөндеу жұмыстары жалғасады.

«Астана қалалық жарық» ЖШС өкілдерінің айтуынша, коммуналдық қызметтің негізгі міндеттері – бағандар мен ескірген жарықтандыру қондырғыларының негізгі жабдықтарын қалпына келтіру және ауыстыру.

«Қысқы маусымнан кейін Қабанбай батыр, Ақмешіт көшелері бойынша кабель желілері жөнделіп, жарықтандыру бағандары ауыстырылды. Бүгінде Тұран даңғылына сыртқы жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл учаскеде 10-нан астам баған орнатылды», - дейді «Астана қалалық жарық» ЖШС-нің учаскелік шебері Мадияр Жүнісов.

Жалпы Есіл ауданында 30-ға жуық зақымдалған бағанды ауыстыруды жоспарланған.

«Астана қалалық жарықта» 2014 жылдан бері электромонтер болып жұмыс істеймін. Жарықтандыру бағандарын жөндеу және ауыстыру жұмыстарын жүргіземін. Бүгін 4 баған орнаттық. Жұмыс күнінің соңына дейін тағы төрт баған орнатпақпыз», - дейді коммуналдық қызметкер Данияр Есжанов.

Айта кетсек, елордадағы сыртқы жарықтандыру желілерінің ұзындығы 1500 километрді құрайды.

Хабар 24 телеарнасы