411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда коронавирус жұқтырған бір адам хал үстінде жатыр

  • 173
  • UPD: 11:08, 10.04.2020
Алматыда коронавирус жұқтырған бір адам хал үстінде жатыр

Бүгінгі күні Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 96 адам, оның ішінде 4 бала инфекциялық стационарларда жатыр.

«72 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық, бір адамның жағдайы өте ауыр. Ал 4 адам ауыр халде жатыр. 19 ересек адам ауырлықтың орташа дәрежесінде», - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев

Айта кетсек, қалада 26 адам коронавирустық инфекциядан сауығып шықты.

Правизорлық орталықтарда 250 адам, оның ішінде 29 бала бар. Сондай-ақ 384 азамат карантиндік оқшаулауға алынған. Ал 5306 адам үй жағдайындағы карантинде.

Хабар 24 телеарнасы