412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда биыл 15 нысан ел игілігіне беріледі

  • 271
  • UPD: 12:36, 10.04.2020

Биыл Түркістан қаласында 15 нысанның құрылысы аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқылардың бірі болып, мамыр айында Тұңғыш Президент саябағы мен орталық аллея пайдалануға беріледі. Еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан, қазір Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Түркістан облысында қоғамдық тәртіп күшейтілген. Өңірдегі жолдар мен елді мекендерде 76 блок пост қойылған. Базарлар толық жабылды, дүкендер мен дәріханалардың жұмыс уақыты шектелді. Барлық автобекет пен вокзал жұмысын тоқтатты. Мейрамханалар мен кафелер үйге тапсырыс қабылдау арқылы ғана жұмыс істейді. Өңірде тек құрылысқа ғана шектеу қойылған жоқ. Елбасы да өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевке құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды. Сондықтан мұнда тәртіп пен сақтық шаралары күшейтілгені болмаса, жұмыс тоқтаған жоқ. Өңір басшысы да мердігерлерге құрылысты жандандыруды жүктеді.

Биыл Түркістанда Тұңғыш Президент саябағы, орталық аллея, басқармалар мен департаменттер үйі, «Конгресс, «ғылыми-әмбебап кітапхана» және «Ұлы Дала Елі» сияқты 15 нысан пайдалануға беріледі. Одан бөлек, тағы да тұрғын үй жыл соңына дейін тапсырылады. Қазір мұнда 7 қабатты 24 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, 12 қабатты 73 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Мұндағы жұмыстарға 4 мыңнан астам жұмысшы мен мыңға тарта техника жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы