411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының Май ауданында волонтерлер желісі іске қосылды

  • 102
  • UPD: 13:31, 10.04.2020
Павлодар облысының Май ауданында волонтерлер желісі іске қосылды

Ол төтенше жағдай кезінде қарияларды қолдау мақсатында құрылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл аудандағы қарттардың саны 1,5 мыңнан асады. Олар өздеріне керек заттарға волонтерлер арқылы тапсырыс бере алады. «Май-волонтер» жедел желісі елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап жұмысын бастады және жалғыз тұратын адамдар үшін аса қажет болып отыр. Жұқпалы кеселден мыңдаған адамның өміріне қауіп төніп тұрғанда, дәрігерлер егде жастағы адамдардың үйде қалуына кеңес береді. Елена Забелич Көктөбе ауылында тұрады. Жастар жасы тоқсанды алқымдаған кейуанаға азық-түлік жеткізіп берді. Жалғызбасты қарияның айтуынша, бұл ауылдың тұрғындары өте ұйымшыл. Бір-біріне көмек беруге әркез дайын тұрады.

Елена Забелич, Көктөбе ауылының тұрғыны:

– Суымды әкеліп, көмірімді кіргізіп, отынымды жарып береді. Бәріне ризамын. Барлық жағынан қол ұшын беріп жатады.

Хамза Берікбол, «Армандастар» жастар орталығының жетекшісі:

– Осы төтенше жағдай кезінде біз 50-ден астам қарт адамға көмек жасадық. Бізге телефон арқылы хабарласады. Сол бойынша үйлеріне барып, көмек көрсетеміз. 11 ауылдық округ бойынша 120 волонтер осы желі бойынша жұмыс атқарады.

Хабар 24 телеарнасы