411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 778 мың гектар алқапқа тұқым себіледі

  • 136
  • UPD: 13:38, 10.04.2020
Ақтөбе облысында 778 мың гектар алқапқа тұқым себіледі

Ақтөбелік шаруалар үшін көктемгі егіс науқанына арзандатылған дизель отыны бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы көлемі 9 мың тонна болатын жанармай дән себетін 370-тен астам қожалыққа толық жетеді. Мамандардың айтуынша, оның әр литрі диқандарға 160 теңгенің көлемінде беріледі. Бұдан өзге, сапалы тұқымға мұқтаж шаруа құрылымдарына қолдау көрсету қарастырылған. Сондай-ақ тыңайтқыш алғандардың да шығынын субсидиялау көзделіп отыр. Биыл облыс бойынша 778 мың гектар алқапқа тұқым себіледі. Көктемгі науқанның уақытылы басталып, үздіксіз жүруіне еш кедергі жоқ дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары.

Асылхан Әбтиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Сәуір айының 20-нан кейін диқаншылар далалық жұмыстарына кіріседі деп ойлап отырмыз. Бұл әрине ауа райына байланысты. Тұқым мәселесі бойынша, ол да шешілді. Жергілікті компаниялар арқылы 4 700 тоннадай тұқым сатып әкелінді.

Хабар 24 телеарнасы